КҮН

lat: KÚN /200/

зат. 1. Әлемге жарық, қызу беретін аспан денесі .

Алдымен Аспан көргенім.

Айжы, Күнді , Жұлдызды Сонан соң барып көргемін.

Алдымен аспан көргенім,

Сонан соң барып таныдым, бұлттардың қаптап өргенін (1,234).

Білмеймін асығатын Жер ме, Күн бе?!

Белгісіз не күш мені тербетуде?!

Қара жер қашан өткен күнді айналып?!

Қозғалмай-ақ тұрмын ғой жер бетінде (3,112).

2. Күннің көз қарықтыратын (қаратпайтын) дөңгелек табағы.

Осылай болған, осылай болды, осылай тағы болады.

Уақытты ұстап тұратын құдірет жоқ әлі.

Осылай күз кеп, осылай боран соғады.

Қарашы Күнге , әуелі өрлеп жоғары,

Құлдилап барып көзіңнен ғайып болады (2,31).

Күн бұлтқа кірді ме, бөлмеге көлеңке түсті (4,163).

3. Күннің сәулесі, шуағы, қызуы .

Сен оны орама жөргекке,

Күнге ұста. Күн одан нұр алсын!

Күн оны шуақ қып жер-көкке

Әлемнің төріне шығарсын (1,96).